Түркия аумағында терактілер ұйымдастыруды көздеген топтың жолы кесілді. Бұл туралы Türkiyeбасылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Полиция қызметкерлері Бурса провинциясына кіреберісте күдік тудырған көлікті тоқтатып, ішінде болған төрт адамның қол сөмкесінен екі қол гранатасын тапқан. Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық ұйыммен байланысы бары анықталған.
БАҚ деректеріне сүйенсек, күдіктілер шетелде жасырынып жүрген ұйым жетекшілерінен нұсқау алып, Измир қаласындағы кейбір тұлғаларға қысым көрсету, шабуыл жасау және бопсалау әрекеттерін жоспарлаған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.