21.01.2025
13:32
1673
Түркияда танымал қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты

Түркияда танымал қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты

21 қаңтарға қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы курортының аумағында орналасқан Grand Kartal қонақ үйі өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кероглу тауының шыңында орналасқан қонақ үйдегі өрттен 10 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған.

Қайтыс болғандардың екеуі эвакуация кезінде биіктен құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, өрттің тез тарағаны соншалық, жоғары қабаттардағы қонақтар шыға алмай қалған. Кейбіреуі терезеден секірген.

Карталкая – Түркияның солтүстік-батысындағы тау-шаңғы курорты.

Провинция губернаторы Абдулализ Айдынның сөзіне қарағанда, көз жұмғандардың барлығы Түркия азаматтары.