08.08.2024
16:32
1243
Түркияда қазақстандықтар мінген шағын автобус апатқа ұшырады

Түркияда қазақстандықтар мінген шағын автобус апатқа ұшырады

Түркияда туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, 13 турист әртүрлі дәрежедегі жарақат алған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

Muğla Gazetesi мәліметінше, апат Милас ауданына қарасты Мугла қаласында болған.

Таңғы сағат 7:00 шамасында 112-ге микроавтобус аударылып, адамдар жарақат алғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полиция аттанған.

Автобустан 13 адам шығарылды. Полиция тергеуді бастады.