15.10.2025
23:14
400
Түркияда автобус аялдамаға соғылды: жарақат алғандар бар

Түркияда автобус аялдамаға соғылды: жарақат алғандар бар

Ыстамбұлдың Чекмекей ауданында жолаушылар автобусы қатысқан ауыр жол апаты болды. Бұл туралы DHA-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус алдымен тұрақта тұрған таксилер мен жүк көлігіне соғылып, кейін автобус аялдамасына кіріп кеткен.

Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Оқиға орнына өрт сөндіру, құтқару және жедел жәрдем бригадалары шұғыл түрде жіберілді. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты тергеу басталды.