Түркия Швецияның НАТО-ға кіруі туралы өтінішін кейінге қалдырды

17 Қараша 2023, 09:17 1228

Түркия парламентінің сыртқы істер жөніндегі комиссиясы Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы талқылауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша өтінімді қарауға Түркия келесі аптада оралуы мүмкін, бірақ әзірге нақты мерзім белгіленбеген. Бұл туралы комиссия төрағасы Фуат Октай мәлімдеді.

Біздің барлық заң шығарушыларымыз Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдауы үшін толық сенімді болуы керек. Біз мұның бәрін комиссияның (келесі) отырысында (осы мәселе бойынша) талқылаймыз, - деді Октай.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: