17.08.2025
00:18
703
Түркия президенті Трамп пен Путиннің келіссөздеріне қатысты пікір білдірді

Түркия президенті Трамп пен Путиннің келіссөздеріне қатысты пікір білдірді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ пен Ресей көшбасшылары Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Аляскада өткен келіссөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өз ойымен ол Х әлеуметтік желісінде бөлісті.

АҚШ президенті Трамп пен Ресей Федерациясының президенті Путиннің Аляскада өткен келіссөздері Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жолдарын іздеуге жаңа серпін берді, - деп жазды Ердоған.

Оның айтуынша, Түркия Аляскадағы саммитті құптайды және бұл жаңа процесс Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен «берік бейбітшіліктің» негізін қалайды деп үміттенеді.

Сондай-ақ ол Анкара бейбітшілік орнатуға кез келген үлес қосуға дайын екенін жеткізді.