Түркістаннан Ыстанбұлға бет алған ұшаққа найзағай түсті

19 Мамыр 2023, 20:09 1319

Түркістаннан Ыстанбұл бағытындағы ұшаққа найзағай түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Осылайша, FlyArystan компаниясына тиесілі әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

19 мамырда сағат 13:05-тегі «Түркістан–Ыстанбұл» бағытындағы КС7425 рейсі ауа райы жағдайына, нақтырақ айтқанда, оның алдындағы рейстегі әуе кемесіне жай түсуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Талаптарға сәйкес жай түскеннен кейін әуе кемесіне инспекция жасау қажет, - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Ұшақ Түркістаннан 19 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17.00-де ұшуды жоспарлаған.

FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі рейстердің кешіктірілуі мен олардың орындалмауының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынып жатқанын айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: