Түркістандық тұрғын мемлекеттік грант арқасында көлік жөндеу орталығын дөңгелетіп отыр

15 Ақпан, 01:20 839

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жалпы өңірде «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнесін өркендетіп, нәпақа тауып жүргендер қатары көбеюде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жура Жұмаев есімді тұрғын мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Ол бұл қаржыға көлік жөндеу орталығын ашып, қажетті құрал-жабдықтарын толық сатып алған.

Кәсіпкердің айтуынша, көлік жөндеу орталығы ашылғалы бері келушілер саны артып келеді екен. Қызметке жүгінушілердің көпшілігі сол ауданның тұрғындары. Алдағы уақытта тұрғын өз кәсібін ары қарай ұлғайтуды көздеп отыр.

Дәл осы ауданның тұрғыны Әмірхан Әйтеков былтыр "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" жөніндегі қлттық жобасы негізінде қайтарымсыз грант " иегері атанып, қазіргі таңда жылыжайдағы құлпынай бизнес жобасы бойынша кәсібін өрбітіп отыр. Ал Саят Жантұрсынов есімді тұрғын болса, мемлекет қолдауының арқасында пластик терезе кәсібін жүргізуде.

Өзбекстан астанасы Ташкентте дүниеге келіп, бүгінде Түлкібас ауданында тұрып жатқан Балнұр Абдурахимова өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-на өз бизнес жобасын ұсынып, былтыр несиеге қол жеткізген. 1996 жылы дүниеге келген кәсіпкер қазіргі таңда "Balnur Farhatkyzy" сұлулық және той көйлектері салонын ашып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Түркістан облысы Шаян ауылының тұрғыны Нұргүл Досболаева өз бизнес жобасын ұсынып, комиссия шешімімен қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз жеңіп алған.  

Бүгінде жеке кәсіпкер балаларға және ересектерге арналған массаж түрлерін жасайды. Массаж орталығында сал ауруымен ауыратын балалар үшін арнайы тасымал қызметі бар.  

Оқи отырыңыз: 

Бизнес жүргізу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді – Үкімет

Жетісу облысында «Ауыл аманатының» көмегімен ұлттық қолөнерді заманауи деңгейі дамып келеді

Баян Әжмұхан
Бөлісу: