08.04.2023
16:42
1352
Түркістандық полицейлер 150 келі балықты тәркіледі

Түркістандық полицейлер 150 келі балықты тәркіледі

Түркістандық полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

«Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.