Түркістандық әйел үшем босанып, 11 баланың анасы атанды

Түркістандық әйел үшем босанып, 11 баланың анасы атанды

Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем босанды. Көпбалалы ана бұған дейін 8 баланы өмірге әкелген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үшем ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.

Облыс әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек,  2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.