Түркістандық 40 жастағы әйел үш ұл дүниеге әкелді

4 Сәуір, 18:00 8461

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.

Бәйдібектік батыр ана» бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады. Оның айтуынша, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген. “Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым, - дейді батыр ана.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.

Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: