Түркістанда жаңа саябақ пен тарихи стадионның құрылысы жүріп жатыр

28 Наурыз 2023, 13:42 1159

Түркістанда заманауи ғимараттармен қатар демалыс орындарының да саны артуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа қала» аумағындағы жасанды көлі бар саябақ құрылысы қарқынды. Жасанды көлдің аумағы – 56 000 м3. Жаңа саябақ Түркістандағы тартымды демалыс орындарының бірі болады деген жоспар бар. Құрылыс барысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлерге бірқатар тапсырма берді.

Жасанды көлдің аумағына тірек қабырғасының бетон құю жұмыстары жүргізілген. Нысан аумағында орналасқан 6 ғимараттың инженерлік желілері тартылған. Жаяу жүргіншілер көпірі ортанылған.
 
Облыс әкімі Жарылқапов пен Тынышқұлов көшелерінің қиылысындағы айналмалы жолдың құрылысымен танысты. Сонымен қатар Жангелдин көшесін реконструкциялауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. 4 шақырымды құрайтын қалалық магистралды жол құрылысы биыл аяқталады.
 
Түркістандағы Октябрь Жарылқапов атындағы стадион да жаңғыртылып жатыр. Салынғанына жарты ғасырдай уақыт болған бұл стадионның тарихы тереңде. Кезінде түрлі жарыстар, доп додалары өткен. Енді спорт нысаны қайтадан жөнделіп, футболды дамытуға қолайлы жағдай жасалады. Өңір басшысы жұмыс барысымен танысып, жұмысты сапалы атқаруды жүктеп, нысанның құрылысы бақылауда екенін жеткізді.
EL.KZ
Бөлісу: