Түркістанда заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды

4 Сәуір, 14:00 730

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел уәкілдер заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдіктіні ұстады, оның екеуі – әйел, жетеуі – ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді.

Осылайша полицейлер тінту іс-шараларын жүргізіп, құжаттар мен 6 шетелдік паспорт, Сайга аңшы мылтығын патрондарымен, екі есірткі заты бар орама, 16 телефон, жарты миллион теңгеге жуық қаражат, 250 мың өзбек ақшасы және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: