Түркістанда "Woosong" университетінің филиалы жұмысын бастайды

29 Маусым, 08:30 870
Түркістанда 70 жылдық тарихы бар кореялық "Woosong" университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
 
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 70 жылдық тарихы бар оқу ордасының төрағасымен кездесіп, келісімге қол қойды.
Бұл жоба бойынша біз тиісті шаралардың бәрін өткізіп қойдық. Осы жақын арада құрылысты жалғастырамыз. Жыл соңында немесе келесі жылдың басында аяқтап қаламыз. Ертерек бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Себебі әрі қарай лицензия алу керек, дайындалу керек", - дейді Дархан Сатыбалды.
"Woosong" білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюн өңір басшысына алғысын жеткізді. Ол Түркістандағы университетте бәсекеге қабілетті студенттерді дайындауға бар жағдайды жасаймыз дейді.
"Woosong" университеті 30 жылдан бері шетелдің студенттерін қабылдап, білім беруде. Біз өз тарапымыздан Түркістандағы университетті Орталық Азиядағы көшбасшы оқу орындарының біріне айналдыруға бар күшімізді саламыз. Студенттеріміздің бәсекеге қабілетті, білімді болуына барлық жағдайды жасаймыз", - деді Ким Сун Кюн.
Кездесуде университетті ашу бағытындағы мәселелер жан-жақты талқыланды. Қос тарап бұл жоба бойынша тұрақты түрде ақылдасып тұруға уағдаласты.
Зарина Арман
Бөлісу: