31.08.2024
19:00
1041
Түркістанда үшінші қабаттағы пәтерден өрт шықты

Түркістанда үшінші қабаттағы пәтерден өрт шықты

Түркістанда үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Пәтердегі жиһаз бен өзге тұрмыстық заттар жанған. Қызыл жалын аумағы - 16 шаршы метр. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 3 тұрғынды эвакуациялады. 

ТЖМ мәліметінше, өрт шығуының алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.