Түркістанда төрт аудандағы үй аулаларын су басып қалды

12 Наурыз, 21:30 647

Түркістан облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бірнеше аудандағы үйлердің аулаларын су басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан Сайрам, Мақтаарл, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды. Төтеншеліктер тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ деп сендірді.

Облыстық ТЖД және жергілікті атқарушы орган күштерімен шамамен 25 адам 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінен жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: