20.07.2023
17:45
1188
Түркістанда тергелушілерді азаптаған 4 полицей бас бостандығынан айырылды

Түркістанда тергелушілерді азаптаған 4 полицей бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысында тергеуге түскен азаматтарды азаптауға жол берген 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәдімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылды.

«Кейінгі 6 айда прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», - деді облыс прокуроры.