Түркістанда танысын үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

20 Маусым 2023, 11:30 785

Түркістанда танысын үй алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынды алдап, ақшасын алған күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылып, олар көп кешікпей күдіктіні ұстады. Ол жұмыссыз жүрген қала тұрғын болып шықты.

Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: