29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысында суға батқан 11 адамның ішінен 2011 жылы туған тағы бір ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қаласы ТЖД жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 2 техника, Түркістан облысы ТЖД-дан 67 адам, 2 дрон, 9 техника, ЖАО-дан 35 адам, 4 жүзу құралы, 3 техника, полиция департаментінен 10 адам және 2 техника, «103» қызметінен 3 адам және 1 техника жұмылдырылған.
Құтқарушы сүңгуірлер жүзу құралдары арқылы 2 мың 300 шаршы метр су түбін, ұзындығы 42 шақырым өзенді зерттеді. Пилотсыз ұшу аппараттарын тарта отырып, 51 шақырым аэровизуалды барлау жүргізілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін 21 тамызда сағат 17:40-та Түркістан облысының Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адамның суға батып кеткенін хабарланған болатын.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек