22.10.2022
16:02
2807
Түркістанда Республика күніне орай белсенді жастар марапатталды

Түркістанда Республика күніне орай белсенді жастар марапатталды

25 қазан Республика күніне орай Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» атты мерекелін концерт  өтті, деп хабарлайды El.kz

Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Отбасы және жастар мәселелері жөніндегі» бөлім басшысы  Нүркен Аралбеков Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев атынан жастарға алғыс хатын тапсырды.

Марапатталған жастар қатарында Түркістан облысы бойынша аудан, қаланың Жастар ресурстық орталығының мамандары мен бірқатар белсенді жастар болды.