Түркістанда Құран кітаптарына арналған көрме ашылды

13 Наурыз, 07:25 538

Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Құран кітаптарына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Қасиетті Құран – қос дүниенің нұры» атты шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім алушылары қатысты.

Көрмеде кітаптардың шығу тарихы мен құндылықтары баяндалды.

«Ұлы Дала Елі» орталығынның басшысы Гүлжанат Ибраһимқызының айтуынша, Рамазан айына орай ұйымдастырылған көрмені 22 наурызға дейін тамашалауға болады. Онда көне әрі сирек кездесетін Құран кітаптары қойылған.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: