30.10.2025
20:47
650
Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты аяқталды

Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты аяқталды

Түркістан қаласында ересектер арасындағы қазақ күресінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Дүбірлі додада құрлықтың түкпір-түкпірінен келген мықты балуандар боз кілемге шығып, өз салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтады.

Биылғы біріншілікке Азияның 13 елі – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Непал, Филиппин, Бангладеш және Қазақстаннан барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты. Жанкүйерлер тартысты белдесулер мен жоғары деңгейдегі өнерге куә болды.

Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Ұлттық құрама балуандары барлығы 10 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша түркістандық балуандар туған топырақта өткен Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, қазақ күресінің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Ал Түркістан қаласы бұл чемпионат арқылы халықаралық деңгейдегі спорт орталығы ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.