29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысында қарасораның ірі плантациясы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерімен бірлесіп, “Бүркіт” арнайы мақсаттағы жауынгерлерінің қатысуымен Түркістан облысы аумағында әуеден барлау жүргізді. Оған Ұлттық ұланның авияциясы жұмылдырылды.
Арнайы бірлескен операция кезінде Сауран ауданы Қызылшаруа ауылына қарасты Сырдария өзенінің жағалауындағы тоғай арасында күтіп, бапталған 4500 түп құрамында есірткі бар қарасора өсіп тұрған алқап табылды. Сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігінің салмағы бір тоннаға жуық, яғни 974 келі болды. Сондай-ақ төбеден барлау жүргізу барысында Түркістан және Қызылорда облысы шектесетін аймақта салмағы 17,5 келі болатын, 90 түп қарасора анықталып, жойылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек