Оқиға наурыз айында Келес ауданында болды.
Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, күндіз оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне күш көрсетіп, қол-аяғын байлап, жатын бөлмеден 2 миллион теңге ұрлап кеткен.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді.
Шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің сыбайласы – Келес ауданының тұрғыны тұтқындалды.
Қазір қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.