Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды

17 Маусым 2023, 11:10 2483

Түркістан қаласында Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тікелей ұсынысымен құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізуге биыл Түркістан қаласы таңдалған.

Аталған құрылтайға қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар арнайы қатысып жатқаны белгілі болды.

16 маусым күні Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында жұмыс секцияларының отырысы ұйымдастырылды. Онда «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдары туралы түрлі пікірлерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың бірінші басқосуы былтыр Ұлытау облысында өтіп, өзекті жайттар айтылған еді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: