03.11.2024
01:34
914
Түркістанда полицейлер аула сыпырды

Түркістанда полицейлер аула сыпырды

Түркістан облысының Полиция департаментінде кезекті сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тазалық шарасы барысында ведомство басшылығының тапсырмасымен әкімшілік ғимараттың айналасын тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қоршаған аумақтар қоқыстардан, жапырақтардан және құрғақ шөптерден тазартылды.

Департаменттің мәліметінше, мұндай іс-шаралар полиция тарапынан үнемі өткізіліп тұрады және облыс орталығын абаттандыруға үлес қосады. Оған қоса қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады.