Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің І парламентаралық форумы өтеді

6 Ақпан 2023, 17:30 1534

Бұл туралы СІМ өкілі мәлім етті

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«2023 жылғы 9-10 ақпанда Түркістан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді. Іс-шара 2022 жылғы шілдеде Чолпон-Атада (Қырғызстан) өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Төртінші Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында өткізіледі», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, адағы парламентаралық форумға Орталық Азия мемлекеттерінің заң шығарушы органдарының спикерлері мен депутаттары қатысады деп жоспарланған.

«Орталық Азияның бірінші парламентаралық форумын өткізу Орталық Азия елдерінің заң шығарушы органдары арқылы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту үшін қосымша алаң құру процесін бастауға мүмкіндік береді. Форум қорытындысында Түркістан декларациясын қабылдау жоспарланған», - деді ол.

EL.KZ
Бөлісу: