Түркістанда кеден бекетінің лауазымды қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

6 Наурыз, 20:25 789

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі негізінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лауазымды қызметерлер жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу дерегімен күдіктелуде. Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер сот дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: