Түркістанда іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген

23 Тамыз, 09:20 417

Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкерелеген.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірген.

«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025» жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: