Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан облысы Жетісай қаласында зейнеткер әйелді өз ұлының досы тонап кеткен. Ер адам оған күш қолданып, алтын бұйымын шешіп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші дереу полицияға арызданған. Оның айтуынша, кешкі уақытта үйінде ұлының досы қонақта болған. Содан ер адам зейнеткерге күш көрсетіп, алтын сырғасын шешіп алыпты. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын – 100 мың теңге.
Зейнеткердің арызы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша тіркелген.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Тергеу кезінде ер адам жәбірленушінің ұлымен бірге үйінде ішімдік ішкені анықталды. Кенеттен ойы өзгерген ол есік алдында келе жатқан егде жастағы әйелге күш қолданып, құлағынан сырғасын шешіп алған. Қолды болған алтын сырға тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары