Түркістанда ер адам 15 жастағы оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

22 Қазан, 10:57 1789

Түркістан облысы Жаңақала шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 33 жастағы ер адам он бестегі оқушы қызды тыр жалаңаш шешіндіріп, суретке түсіріп, артынша зорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жергілікті тұрғын Құрал Сейітханұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазған. Ақпарат ресми расталып отыр.

Бұл әйелдің 15 жасар қызын 33 жастағы еркек қорқытып, үркітіп Жаңақала шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп суретке түсіріп, одан кейін зорлаған.15 жасар қыз ондайды өмірінде көрмеген. Бұнымен тоқтамай арада бірнеше күн өткенде қыздың әлеуметтік желісіне "2008, 2009 жылғы өзің сияқты жас қыз тауып бер немесе 50 мың теңге тауып бер, әйтпесе жалаңаш фотоларыңды TikTok-қа саламын" деп бопсалап қорқытқан. Өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырған. Шын мәнінде ешқандай да қызметкер емес, –  дейді ол.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "жергілікті тұрғынның үстінен кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттері" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда, кәмелетке толмағандардың жалаңаш фотосуреттері тарағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полицейлер азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады, – делінген хабарламада.

Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін таратылмайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: