«Түркістанда былыққа толған тірлік көп». Депутаттар заңсыздықтың бәрін жайып салды

20 Желтоқсан 2023, 17:52 1830

Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов пен Мақсат Толықбай түркі әлемінің мәдени астанасы болған Түркістандағы жеке меншікке өтіп кеткен ғимараттар туралы мәселе көтеріп, біраз былықтың бетін ашты деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар премьер-министр мен бас прокурорға жолдаған ашық үндеуінде Түркістандағы былығы көп алты заңсыздықты атап, жіпке тізіп берді.

Ұят та болса моншаға қарай бет бұрайық. Ауданы 3145 шаршы метр болатын «Шығыс моншасы» да 2020 жылы жекенің басқаруына өткен. Сыйымдылығы - 90 адам. Санап көріңіздер. Күніне кемі 90 адам қабылдайтын моншадан жылына қанша теңге пайда болатынын есептеу үшін асқан математик болудың қажеті шамалы. Сөйте тұра «Шығыс моншасы» 2022 жылы табыстың 50 пайызы ретінде жергілікті бюджетке 557 мың теңге аударған. Қалған қаржы қайда? Сайда саны, құмда ізі жоқ, – дейді депутаттар.

Бұдан бөлек мәжілісмендердің айтуынша, түркі әлемінің мәдени астанасы болған шаһарда «Мәдениет үйі» сатылып кеткен.

Ішін тойханаға айналдырған. Ал қазіргі орнын көрсең қарның ашып, қадірің қашады. Ескі ғимаратта отыр, міне біздің мәдениетіміз. Сосын анау-мынау емес Түркістан қаласының әкімідігі отырған 4 қабатты ғимаратты жөндеуге 257 миллион теңге бөлінеді де, артынша ол ғимарат та жекеге сатылып кетеді. Панасыз қалған Түркістан қаласының әкімі болса бүкіл нөкерлерін ертіп, ескі мұрайжды паналайды. Өйткені қалада жаңа мұражай бой көтеру керек болған, – деді мәжілісмендер.

Депуттар ашық үндеуде  тағы бір заңсыздықты айтты.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына қарасты еншілес компания 2020 жылы сыйға тартқан «Яссауи мұржайы» болса, әлі күнге дейін бірде бір қонақ қабылдамаған. Аты дардай мұражайдың қазір заты бордай тозған. Қабырғалары қопсып жатыр. Сөйте тұра музей құрылысына 3,3 миллиард теңге жұмсалған. Мұны да жіті тексеріңіздер, – деді.

Депутаттар жоғарыда көтерілген мәселелер туралы бас прокуратурадан арнайы өкілдер жіберуін және тексеруін сұрады.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: