Түркістанда биыл 125 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

Түркістанда биыл 125 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

Түркістан облысында 2025 жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 125 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның 40%-ы тұрақты жұмыс орындары болады деп күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Еңбек» бағыты бойынша биыл 32 млрд теңге қарастырылған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды деген жоспар бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, былтыр «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында  118 889 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 108 725 жұмыс орны ашылған. Оның  62 892-сі тұрақты, 45 833-і уақытша.

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарына тоқталсақ, 2024 жылы 15,8 мың отбасыға (94,8 мың адам) 6 854,2 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 2023 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны былтыр 63 мың адамға немесе 60,1%-ға азайды, ал кедейлік деңгейі 3% төмендеді. 
 
2025 жылы 76,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 10,6 млрд теңге бөлініп отыр екен. Нәтижесінде аз қамтылған азаматтар санын 2024 жылмен салыстырғанда 20 %-ға, ал кедейлік деңгейін 3,5 %-ға төмендету жоспарлануда.