Түркістанда бірнеше қызға зорлық-зомбылық көрсеткен педофил ұсталды

19 Қазан 2023, 15:16 748

Түркістанда бірнеше қызға зорлық-зомбылық көрсеткен педофил ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Egovpress telegram арнасының мәліметінше, Түркістан облысы Отырар ауданында сериялық педофил қолға түсті. Ол, осы уақытқа дейін балабақшада жұмыс істеп келген.

Жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 1990 жылы туған ер адамды ұстады. Ол кінәсін толықтай мойындаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін қылмыскер бірнеше балаға зорлық-зомбылық көрсетіп келген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: