29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шетелдік азаматтың аяқкиімінен гашиш табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түскен. Онда Флора атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені хабарланған.
Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамға тінту жүргізу кезінде шетелдік азаматтың аяқкиімінің ішіне жасырып алған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысында оның гашиш есірткісі екені расталды. Күдікті ер адам Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек