Түркістанда 89 жастағы тұрғынға күрделі ота жасалды

19 Желтоқсан 2022, 23:23 1313

Ота күрделілігіне қарамастан сәтті өткен

Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде 89 жастағы пациентке бұрын орнатылған сол жақ жамбас буынының эндопротезін ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын алғаш рет 2020 жылдың жазында пандемия кезінде оң жақ аяғына құлаған кезде оң жақ сан-жамбас буынынан жарақат алған.

Зерттеп-қараудан кейін шұғыл түрде Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесіне жатқызылып, ота жасалған. Алайда биыл күзде пациент сол жақ сан-жамбас буынынан жарақат алған. Сол жақ сан-жамбас буынын биполярлы имплантпен сол жақ жамбас сүйегі мойнының сынуын эндопротездеу операциясын өткергені белгілі болды.

Операциядан кейін пациенттің жағдайы жақсарып, өздігінен жүре бастады. 3 айдан кейін, суық тиюгеннен кейін, оң жақ сан-жамбас буынының бұрын орнатылған эндопротезінде жыланкөз жарасы пайда болады. Ортопедия бөлімшесі дәрігерлерінің консилиумы антибиотикпен цемент спейсермен бұрын орнатылған оң сан-жамбас буынының эндопротезін ауыстыру бойынша хирургиялық емдеу қажеттігі туралы шешім қабылдады. 2022 жылғы 05 желтоқсанда жүргізілген күрделі операцияның нәтижесінде пациентке цемент спейсерді орнатумен оң жақ сан-жамбас буынының эндопротезі ауыстырылды, - дейді ОКА ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрбол Сахов.

Дәрігердің айтуынша, операция кезінде эндопротездің ұршықбас компонентін ауыстыру және орнату бойынша манипуляциялар кезінде операцияішілік перипротездік сынудың жоғары қаупімен қатар жүретін жамбас сүйегінің жасқа байланысты остеопорозына байланысты техникалық қиындықтар туындапты.

Десе де, ота сәтті жасалып, қазіргі уақытта пациент ерте оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: