Түркістанда 812 бейнекамера жұмыс істейді

13 Шілде 2023, 02:30 738

Түркістан қаласының қауіпсіздігі 812 бейнекамера арқылы бақыланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында Түркістан қаласында 812 бейнебақылау камерасы іске қосылған.

Бақылау камералары «Жеңіс» саябағы, «Алтын орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базары бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С. Ерубаев, М. Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясы аумағында орнатылған.

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаладағы қылмыстың алдын алу мақсатында орнатылған камералар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бейненің сақталу уақыты – 30 күн.

Бұдан бөлек, қаладағы қауіпсіздікті күшейту үшін 11 дана шұғыл жәрдем батырмасы орнатылған. Оқыс оқиғалар болған жағдайда батырмаларды басу арқылы Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің «Жедел басқару орталығының» қызметкерімен тікелей байланысып, көмекке жүгінуге болады. Мұндай батырмалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы, «Гүлдер», «Жібек жолы», «Жеңіс» саябақтарында және кіші арбат пен «Керуен сарай» кешенінде іске қосылған.

Берік Арманов
Бөлісу: