Түркістанда 49 медициналық нысан пайдалануға беріледі

2 Қараша, 22:11 535

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2024 жылы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысан салу жоспарланған. Бүгінде 48 нысанның құрылысы жүргізілсе, 1 нысан жеке инвестиция есебінен пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыстарды пысықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Оған жауапты басқармалар және мердігер компаниялардың жетекшілері қатысты. Өңір басшылығына атқарылған жұмыстар мен қазіргі таңдағы жағдайы баяндалды.

Ұлттық жоба негізінде ауылдардың ішінде ең қажетті аумақтарды белгілеген едік. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен республикалық және облыстық бюджеттен қаржылар толық бөлініп, игерілді. Мұндай ауқымды құрылыс бұған дейін болмаған. Қатаң ескертемін. Құрылыс сапалы жүргізіліп, уақтылы аяқталуға тиіс. Мен айтқан кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырамын. Ауыл халқы бұл нысандарды күтуде. ФАП-тарды биыл қараша және желтоқсан айларында қолданысқа тапсырамыз. Кезең-кезеңімен ашылады. Ел игілігі үшін бар-күш жігерді арнауымыз қажет. Халық бізге сенім артып отыр, – әкім орынбасары.

Айта кетейік, биыл өңірде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда. Жалпы 49 денсаулық нысан инжинерлік желілермен қамтамасыз етіледі.  

Зарина Арман
Бөлісу: