Түркістан облысында 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Төлеби ауданында болған. Әлеуметтік желідегі жазбаларға жүгінсек, жасөспірімді өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген.
Тіпті, ер адам болған оқиғаны видеоға түсіріп алып, интернетте таратамын деп қорқытқан.
Бұл мәселеге пікір білдірген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.
«Полицейлер ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында» - делінген ресми мәліметте.