Түркістанда 1200 тұрғын табиғи газға қосылды

21 Маусым 2023, 08:22 1145

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысының тағы екі ауылын табиғи газға қосты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Келес ауданындағы Алғабас, Мақташы елдімекендерінің 1200 тұрғыны «көгілдір отынды» тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Бұл ауылдарға табиғи газ жеткізетін құбырларды салу жұмысы 2021 жылы басталған болатын. 

Бүгінгі күні Келес ауданының 72 мың тұрғыны табиғи газдың игілігін көріп отыр, елдімекендердің 76%-ы көгілдір отынмен қамтылған. Осы күндері аудандағы тағы 9 елдімекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде, жыл басынан бері 4 ауыл (Аманжар, Жаңақоныс, Бесауыл, Жамбыл-1) тұрғындары табиғи газға қол жеткізді. 

Берік Арманов
Бөлісу: