Түркістан тұрғыны өзгенің атына онлайн несие рәсімдеп алған

18 Қаңтар 2023, 12:53 894

Түркістан тұрғыны өзгенің атына онлайн несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданды. Жәбірленуші қала көшелерінің бірінде белгісіз адам телефонын пайдаланып, оған заңсыз онлайн-несие рәсімдегенін хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі шамамен миллион теңге екені анықталды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Сезікті Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бұл әрекетін толық мойындады. Жас жігіттің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


EL.KZ
Бөлісу: