Түркістан тұрғыны 6 млн теңге айыппұл төлемеген

30 Қазан 2023, 12:16 673

Түркістан тұрғыны 6 млн теңге айыппұл төлемеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерогінше, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлерге төленбеген берешегі бар Toyota Camry автокөлігін ұстау туралы дабыл түсті.

Жедел басқару орталығына сот орындаушысының 6 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының автокөлігін табу туралы өтініші келген. Кезекші полицей бейнебақылау камераларының көмегімен аталмыш автокөлікті анықтап, патрульдік полиция экипаждарын борышкер-жүргізушіні іздеуге бағыттады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы – Ташкент – Термез тас жолында іздеуде жүрген автокөлікті тоқтатып, борышкердің көлігін айыптұраққа қойды.

Полицейлер жүргізушілерге бұрын салынған әкімшілік айыппұлдарын уақытылы төлеуге кеңес береді. 

Равиль Ашығали
Бөлісу: