Түркістан полицейлері вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған алаяқты анықтады

19 Тамыз 2023, 01:29 1905

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған.

Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: