Түркістан облысының тұрғындары полицияға 100 қару тапсырды

18 Қыркүйек, 14:38 388

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 100 қару тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық, қылмыстарының алдын алу мақсатында, Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілуде. Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 76 азамат полицияға өз еркімен 100 атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 10 – кіші ойық ұңғылы мылтық болса, 90 – тегіс ұңғылы мылтық болды.

Сонымен қатар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға орта есеппен 70 мың теңгеден 123 мың теңге аралығында қарудың жарамдылығына қарай ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: