Түркістан облысының бас полицейі үш ауданда азаматтарды қабылдады

13 Қараша 2022, 11:30 1224

Жұртшылықпен жүздесу Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында ұйымдастырылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов те қатысты, деп хабарлайды El.kz  Polisia.kz сайтының баспасөз қыметіне сілтеме жасап. 

Жұртшылықпен жүздесу Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында ұйымдастырылды. Оған 200-ге жуық тұрғын қатысып, көкейдегі ойларын, ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде облыс әкімі және облыстағы барлық департаменттердің басшылары болды. Тұрғындардың арыз-шағымы мен өтініштері тыңдалып, ашық пікір алмасу өтті.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды. Кейбір азаматтар тарапынан қысқарған істер мен тергеудегі заңдылықтар бойынша мәселелер айтылды.

Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов тарапынан кездесудегі азаматтардың әрбір сұрағына нақты жауаптар беріліп, құқықтық сауатталықты арттыру бойынша түсіндірмелер жүргізілді.

Соңында департамент басшысы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмыс барысын тексеріп, тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша тапсырмалар берді.

EL.KZ
Бөлісу: