Түркістан облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды

7 Ақпан 2023, 19:42 1150

Түркістан облысында орын алған жол көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент-Самара тас жолының 56 шақырымында Mercedes Benz автокөлігі тайып кетіп, алдында жүріп бара жатқан өзбекстандық азаматтың Кia Carnival көлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mercedes Benz көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, жүргізушісі ауруханаға түскен.

Қазіргі таңда оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс жасауда. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

EL.KZ
Бөлісу: