Түркістан облысындағы кәсіпорында отандық жөргектер шығарылады

29 Қараша 2022, 20:31 1988

Бұл туралы Түркістан облыс әкімдігі мәлім етті

Қазақстандағы алғашқы отандық жөргектер шығаратын кәсіпорын Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірімізде Түркістан облысының Инвестиция және экспорт басқармасы және «Түркістан Инвест» компаниясы қолдауымен бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Жұмысы қарқынды жүріп жатқан инвестициялық жобалардың бірі – «Capable group» кәсіпорны. Инвестициялық жоба құны – 3 млрд. теңге. Аталған компания 100% қазақ инвесторына тиесілі. Өндіріс орнында 60 жаңа жұмыс орны ашылған. Жұмысшылардың 60%-ы –мүмкіндігі шектеулі жандар.

Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді қазақстандық жөргектер «Алтын бала» және «SimboBaby» атауымен шығарылып жатыр. Шикізат Қытай, Түркия, Германия, АҚШ елдерінен әкелінеді. Кәсіпорын минутына 600 данаға дейін жөргек шығаруға қауқарлы.

Өндіріс орны толық қуатқа шыққанда жылына 500-600 миллион дана жөргек шығаруға мүмкіндік алмақ. Инвестор өз өнімдерін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді.

EL.KZ
Бөлісу: