Түркістан облысындағы 12 адамның қазасы: президент көңіл айтты

Түркістан облысындағы 12 адамның қазасы: президент көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданында болған қайғылы жағдайға көңіл айтты. Бұл туралы ҚР президенті көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды. 

Айта кетейік, Түркістан облысында болған өрт салдарынан 12 адам қаза тапты. Марқұмдардың 9-ы – балалар. От екі қабатты үйді шарпыған. Үш адам ес-түссіз күйде эвакуацияланды.

Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған, бір күн бұрын үй иелерінің шаңырағында бір іс-шара өткізілген екен.

Президент Үкіметке және облыс әкіміне жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетуді және трагедияның себебін анықтау үшін тергеу жүргізуді тапсырды.