Түркістан облысында зорланған оқушының жүкті екені рас па? Полиция пікір білдірді

26 Сәуір, 20:15 1991

Түркістан облысы Төлеби ауданында 9 оқитын оқушы қызды зорлады деген күдікпен 10-сынып оқушысы ұсталған болатын. Әлеуметтік желілерде жас қызды бір емес, бірнеше адам зорлағаны және жәбірленушінің жүкті екендігі туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты облыстың бас полицейі пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Зағамбар ауылында болған оқиға бойынша 24 сәуірде қыз зорлау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып,  қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданатын болады. Осы оқиғадан кейін 25 сәуірде полицияға бөтеннің мүлкін өртеу туралы хабарламалар түскен. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Бөтеннің мүлкін өртеу фактісіне қатысқандардың барлығы ұсталған және қамауға алынған. Тергеу жалғасуда.

Қазіргі уақытта Зағамбар ауылында жағдай тұрақты. Облыс әкімі және барлық мемлекеттік органдар басшыларының төрағалығымен ауыл тұрғындарына жиын өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң шеңберінде шешім қабылданатыны ескертілді. Интернет желісінде таралған, яғни "Бірнеше оқушы ұсталды, жәбірленуші жүкті және бірқатар жігіттер зорлады" деген ақпараттар шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратқан бірқатар авторлар анықталды. Оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қабылдануда,-деді Түркістан облыстық  ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Зарина Арман
Бөлісу: