Түркістан облысында жыл басынан бері мыңға жуық адамды ит қапқан

24 Сәуір, 13:41 1809

Түркістан облысында жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жарақаттанғандардың мыңға жуығын ит қапқан. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов айтты.

Спикердің сөзінше, Түркістан облысы құтыру ауруынан қауіптілігі жоғары аймақтар қатарына жатады. Өңірде жануарлар арасында құтыру ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 3 айда жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 847-і белгілі бола, 450-і белгісіз жануарлардан зардап шеккен. Жарақаттанғандардың 976-ы иттен, 217-і мысықтан, 50-і жылқыдан, 5-і мүйізді ірі қара малдан, 49-ы жабайы жануарлар мен кеміргіштерден зиян көрген. Яғни, жарақат алудың 96,2% үй жануарларының үлесіне тиесілі. Айта кетсек, биыл өңір тұрғындары арасында құтыру ауруы тіркелмеді,- деді Нұрбек Нышанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың айтуынша, өңірде қаңғыбас ит пен мысықтарды оқшаулары жұмыстары басталып кеткен. Жоспар бойынша биыл облыста 41,3 мың бас қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге 12,9 мың бас қаңғыбас ит-мысықтар оқшауланған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: